Темір жол – белгіленген тәртіп ережелерін сақтамау, әр адамның епсіздігі мен ебедейсіздігі қатерлі жарақатқа немесе орны толмас қайғы-өлімге әкеп соқтыратын аса қауіпті аумақ екенін әрдайым естен шығармау керек.
22 сәуір күні Атбасар станциясы өкілдері: Атбасар ст., еңбекті қорғау бойынша инженері Абишев Ж.С., ЭЧ-10 мекемесінің техникалық қауіпсіздік бойынша жетекші инженері Аубакиров И.С., ҚПП полицялары Балтабаев А.О., Лохолетов С.В. «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММде 5-11 сын. оқушыларымен кездесу өткізді.
Еңбекті қорғау бойынша инженерлер оқушыларды темір жол маңайындағы және темір жол көлігіндегі қауіпсіздік сақтау ережелерімен таныстырды. ҚПП полициялары оқушыларды аталған ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік жайында ескертті.
Кездесу соңында оқушылар назарына «Чего лучше не делать, чтобы не погибнуть от электротравм» атты бейнефильм ұсынылды.