Текст
Көктем – табиғат жандануымен қатар, айналаны тазалап, тәртіпке келтіретін мезгіл. Біздің мектебімізде сенбіліктер өткізу игі дәстүрге айналған. Бүгін де қалың қардың астынан шыққан қалдықтарды тазалау өзекті болып отыр.
24 сәуір күні 7-ші сыныптардың оқушылары мектеп маңайына жақын орналасқан аумақты тазалау бойынша жұмыстарды атқарды. Сыпырғыш, күрек т.б. қажетті құралдармен қаруланған балалар жұмысқа қызу кірісіп кетті. Көңіл-күйлері көтеріңкі балалар мектеп маңайын және оған жақын орналасқан аумақты жинап, тазалап, жарқыратып қойды. Мектеп ацйналасында тазалық пен тәртіп сақтау үшін балалар қандай да іске дайын.
Идрисова Ж.М.