Тазалықта өмір сүргің келсе-өзіңнен баста! Жер бетінде өмір сүретін әр адам осындай қағиданы ойында сақтағаны жөн. Көктем келісімен біздің әрқайсымыз өз қаламызды, үйімізді, қоршаған ортаны тазалау ісіне барынша қол ұшын беруіміз керек. Жыл сайын қала мектептерінің қызметкерлері азаматтық позиция танытып, Жеңіс саябағы маңайын тазалауға қатысады. 9 Мамыр барша халық үшін аса маңызды және елеулі мереке болып табылады, сондықтан да, Жеңіс күнін лайықты қарсы алуға қолқабыс болған абзал, игі іс! Жеңіс саябағының аумағы біздің қаламыздағы басқа да қоғамдық орындар тәрізді, жапырақтардың шіріндісі мен қоқыстан шұғыл түрде тазартуды қажетсінеді. Құрамында 12 педагог болған біздің жұмыс бригадамызбен қаншама ауқымды жұмыстар атқарылды: өзімізге бөлінген аумақтағы жапырақтардың шірінділері, қурайлар мен тұрмыстық қоқыстарды жинадық, бордюрлерді тазаладық, көшеттердің басын қырықтық. Адамның өз бойындағы тәрізді айналамызда да, қоршаған ортамызда да тәртіп пен тазалық болуы шарт, сондықтан осындай сенбіліктер аса қажет!
Біздің қаламыздың педагогтары өз өнегелері арқылы ұжымдық қызмет түрі арқылы қоршаған ортаға деген жауапты және оны сақтықпен қарау сезімдері қалыптасатынын көрсетті.
Щербак А.Н., орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі