№1ОМ 6«А» сынып оқушылары 26 сәуір күні Атбасар тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды. Мұражай қызметкерлері залдарды аралай отырып, балаларға біздің өлкеміз туралы көптеген қызықты, танымдық, тарихи, қайталанбас, оқиғалары туралы әңгімелеп берді. Мұражай экспозициясы екі қабатты ғимараттың 12 залында орналасқан. Бірінші бөлігі біздің өлкеміздің бай флорасы мен фаунасына арналған. Мұражай экспозициялары ішінде алғашқы қауымдастық тарихына да ерекше назар аударылған. Этнографиялық залда қазақ халқының киіз үй жабдықтары, ұлттық ою-өрнекпен әшекейленген ұлттық киім үлгілері мен зерленген ыдыс-аяқтар, ат әбзелдері, ағаштан, темірден, жезден жасалған түрлі заттар орналастырылған.
«Қала тарихы» залында Ресей, Украина жерлерінен келген шаруалардың қолданған заттары орналастырылған және өлкенің 1914 – 1937жж . аралығындағы тарихы жайлы баяндалған. Балалартың және тыңайған жерлерді игеру тарихымен де танысты. Экспозициялар орналасқан залдардың бірінде алашордашылар кабинетін көруге болады және Ақмола өңірінде , тікелей Атбасар жерінде Алаш партиясын қру тарихы туралы фотодеректі материалдар орын алған. Саяхат Қайсарин Рахымның 105 жылдығына арналды. Бұл Атбасар ауданының танымал атдамдарының бірі. Ол мемлекет қалыптасуына, өз өлкесінің тарихын дамытуға елеулі үлес қосқан адам. Мұғалім, аудандық мұғалімдер одағының төрағасы ретінде қызмет жасаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Рахым Қайсаринның ерлік және еңбек даңқы жоғары үкіметтік наградаларға ие болған. Мұражайға саяхат оқушыларды патриоттық тәрбиелеу ісіне және жеткіншек ұрпақтың танымдықлықтарын дамытуға өзіндік ықпал етті.
Утеуова А.Б.