«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Татулықпен бір шаңырақтың астында

30.04.2019

Уақыт деген  қанатты тұлпар тәрізді зымырап өтіп жатыр. Көптеген ауқымды тарихи оқиғалар артта қалып, гүлденген Қазақстан  халықтың әл-ауқатын арттыру үшін өз алдына келелі міндеттер мен мақсаттар қойып отыр.  Бірінші мамыр мерекесін тойлау – соның айқын дәлелі. Қазақстан халықтарының Бірлігі күні қарсаңында  №4ОМте «Бір шанырақ астында» айдарындағы керемет тартымды аудандық  форум  өткізілді. Әр мектеп біздің Атбасар қаласында тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың сал-дәстүрлерін көрсетті.  №1ОМ оқушылары  Мартазанов Амирхан және  Асаева Асет « Вайнах»  шешен-ингуш мәдени орталығымен бірлесіп жиналғандарды  тілі мен мәдениеті ортақ келетін  шешен және ингуш халықтарының бай мәдени мұрасымен, бірегей  антропологиясымен  таныстырды.  Кез келген ұлттың тарихы аса маңызды екені мәлім. Өз тарихын білмейтін халық ақылын жоғалтқан адаммен тең. Өткенді блімесең, бүгінгі күнді түсіну мүмкін емесе, ал келешегің тіпті қараң десек артық айтпаған болар едік. Әр адамға табысты даму  үшін ғасырлар етреңіне үңілген дұрыс. Сонда ғана қазіргі кездегі өз орныңның маңыздылығын түсіне аласың.  Вайнахтардың депортациялау кезінде өздерінің жаңа үйін тапқаны туралы тарих ешқашан ұмытылмайды. Міне, ақпанның ақырған аязды күні мыңдаған шешендер мен ингуштар  бір сәтте-ақ барынан айырылып қалды, қаңырап қалған бос үйлер үйлер жылдар бойы өз иелерін күтіп тұр. Темір жолдың  тарсылдаған дыбысы, бар қымбаты- жүрегінің төріндегі елінен айырылған, көңілдері жабырқаулы, келешегі бұлыңғыр вайнахтар белгісіз жаққа келе жатыр. Аязды, бейтаныс дала   келгендер  аптап аязбен қарсы алды. Алыстағы Кавказда туған таулықтар үшін өздерінің туған жеролерін енді мүлде көрмейміз-ау , ешқандай қолдаусыз жаңа өмірді қалай бастаймыз  деген  ой  қажап келеді... 1944 жылғы  Вайнах халықтарының  депортацисы  туралы  өлеңді  Точиева Марьям, Долгиев Макшарип, Асаева Маремдер  сай сүйекті сырқыратып, мәнерлеп оқып берді.  Сол ақпанның аязды күндерінде айдалаға келген  адамдар қазақ халқының қонақжайлығынан бейхабар еді. Қазақтар  өз жағдайларына қарамай, вайнахтарды құшақ жая қарсы алып, қолдарында барымен бөлісті. Қазақ халқының дарқандығы арқасында ингуштер мен шешендер сол бір сұм кезеңді бастан өткерді, қиындықтарды жеңді және өздеріне  Қазақстан деген жаңа  орын  тапты. Мәдениет  барлық халықтар  үшін қай кезде болмасын  - жер бетіндегі мәңгілік өмір формуласы болып келген. Фестиваль барысында халықтардың  мәдени салт-дәстүрлері демонстрацияланды. Жиналғандардың бәрі  классикалық стильде сақталып келе жатқан  көптеген  күрделі ырымдардан құралған  вайнахтардың   керемет   үйлену тойын тамашалады. Қайын атасы мен қайын енесінің жас келінді қарсы алу  сәтін мектеп ата-аналар  комитетінің төрайымы  Абаева З.М.  мен  10 сынып оқушысы   Галустьян Алиналар керемет ойнап берді. Таулықтардың бір де бір тойы қызу қандылықты паш ететін  лезгинка биінсіз өтпейді, бұл биді Магомед, Щербак Никита, Асаева Марем, Лубянская Ангелина, Таттыбаева Алина, Юсупова Ася, Гавриленко Алина, Саулетова Даяналар орындады. Вайнахтардың қонақжайлығы кеңінен белгілі.  Вайнахтар қонақ-«беркат», яғни–береке дегенге  сенімді. Вайнахтардың үйінда болған әр адам кең пейілмен, сыпайылықпен қарсы алынады. Қонақжайлықтың  басты шарты – үстіндегі дәмнен  бос орын болмайтын, кеңінен жайылған вайнах дастарханы. Қонақтарға осы орайда, арнайы дайындалған ұлттық тағамдар: жижиг – галнаш, чепалгаш, хингалш, деман холвадан дәм тату  ұсынылды.  Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан көптеген ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіретін, әр азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің сақталуын қамтамасыз ететін ұйым. Сол үшін де әр вайнах  Қазақст ан Республиксының Тұңғыш Президенті, Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз риза.  Шешен  – ингуш орталығы төрағасының орынбасары Зарахов Р.А. «Вайнах» ұлттық-мәнеи орталығының қызметі туралы  жиналғандарға  жан-жақты ақпарат берді. 
Көрермендер «Вайнахский край» әніні орындаған Точиева  Марьямға қызу қошамет көрсетті. Қазақстан Республикасы аумағында,  қонақжайлы бір үлкен шаңырақ астында тұрып жатқан түрлі диаспоралардың этномәдениетімен таныстырған, ірі және кші халықтардың бірлігін паш еткен әр мектеп оқушыларының керемет көріністері шараға қатысқан әр адамның жүрегіне терең бойлап, керемет әсер қалдырғанына біз сенімдіміз.

Бекова Л.Г., директордың оқу ісі бойынша орынбасары 

Просмотров: 734


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст