Текст
30 сәуір күні 11 сынып оқушылары «1 Мая - День единства народов Казахстана» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Коллаборативті ортада, топтарға бөліне отырып мейрамның шығу тарихын, мерекенің қайта аталу себептерін қарастырды. 1996 жылы Қазақстанда аталмыш мереке Қазақстан халықтарының Бірлігі күні деп белгіленіп, оны өткізу дәстүрі заманауи жағдайға сай қайта белігленді. Гончарова Лия, Соломка Елена, Мусеипова Забиралардың сөздері Тұңғыш Президентіміздің Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру бастамасының маңыздылығын көрсетті. Өлеңдер, сахналау, әндер шараға ерекше әр берді. Сынып сағатының соңында түлектер: бірлік-біздің табысты болашағымыздың кепілі деген тұжырымға келді.
Токтарова Г.К.