Мектеп кез келген мамандықтың бастауы. Бұл жерде бала тұлғасының барлық қыры дамытылады. Белгілі философ А. Апшерони: «Адамның өз мамандығын қажеттілігіне қарай емес, ішкі бейімділігіне қарай таңдау мүмкіндігінің болғаны қандай жақсы деп» атап көрсеткен. Бұл сөздер бүгінгі күні аса өзекті болуда. Мектеп бітірушілер алдында кәсіби тұрғыда өзіндік белгіленудің кең диапазоны ашылады.
30 сәуір күні «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде» 9, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды. Кабинеттің салтанатты ашылуына кәсіби тұрғыда келелі жетістіктерімен, жеткіншек ұрпақтарға өнеге –үлгі боларлық құрметті қонақтар:Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., Ақмола облысы Атамекен Палатасы аудандық филиалының директоры Тасмагамбетова Р.М., педагогикалық еңбек ардагерлері Алиева К.Т. , Саутбекова Р.Р., «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы Райле Н.С., Атбасар қаласыжедел жәрдем подстанциясының меңгерушісі Нестеренко А.Н., «Атбасар Технопарк» ЖШС директорының орынбасары Соколенко М.А., «Ақмола облысының азаматтарына арналған үкімет-Мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының коммерциялық емес филиалы Атбасар ауданның әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бөлім жетекшісі Файзулгарипова К.П., «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы Клевцова А.Ю., №1ОМ ата-аналар комитетінің төрайымы Абаева З.М. қатысты. Қадірлі қонақтар шашумен қарсы алынды. Кабинеттің ашылу нышаны –лентаны қию құқығы Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г., Ақмола облысы Атамекен Палатасы аудандық филиалының директоры Тасмагамбетова Р.М.- ұсынылды. Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Н.Г. жиналғандарды осы атаулы оқиғамен құттықтап, мектеп біріуші түлектерге: «Қай салада болмасын әр адам өз ісін сүю керек және үнемі дамып отырса, өз елімізде ғана емес, барлық әлемде жақсы көрінеді. Еңбек тәрбиесі бала жастан басталады, тек еңбектену арқылы ғана әркім Қазақстанның табысты дамуына өзіндік ауқымды үлесін қосады» деп игі тілегін білдірді. Шара барысында түрлі мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорын басшылары, өмірінің қырық жылдан астам уақытын ағарту ісіне арнаған педагогикалық еңбек ардагерлері арасында тұшымды маңызды диалог орын алды. Жиналған қонақтар мектеп түлектерін өз мамандықтары және кәсіби қызметтерінің өзгешеліктерімен таныстырды. Түлектер өздерін толғандыратын: «Өз жолыңды қалайша дұрыс таңдауға болады?», «Мамандық таңдауға қандай факторлар әсер етуі мүмкін?» деген сұрақтарға жан-жақты жауап алуымен қатар, көптеген пайдалы кеңестер алды.
Кабинеттің эстикалық талғамға сай көркем безнідірілуі, мектебіміздің жас таланттарының орындауындағы әдеби–музыкалық композиция мерекеге ерекше әр берді.
4 «В» сынып оқушыларының көрсеткен қойылымынан барлық мамандық маңыздығ әрі керек екеніне көз жеткізілді. Кәсіби бағдар беру кабинетінің еліміздегі Жастар жылы аясында ашылуы да маңызды. Шараны жүргізуші оқушылар Амренов Р., Сексенбаева Т.: « Жастар болашақтың «мәңгілік қозғалтқышы», мемлекетіміздің тірегі» деп атап өтті. Сабақтастық мақсатында
№1 ОМ түлегі Клевцова А.Ю. оқушыларға қазіргі күні еңбек нарқында қандай мамандықтар қажетті екені туралы айтып берді ,жастарға мамандық алған соң өз қаласының дамуына елеулі үлес қосу керектігін ескертті. Бірінші сынып оқушылары өз қойылымдарында шахтерлер, металлургтер, темір жолшылар, мұнайшылар және басқа да көптеген мамандықтардың иелері әрқашан да қаджет екенін атап өтті. Демек, біздің мемлектіміздің экономикасын да солар құрайды.
Инновациялық технологиялардың дамуы, жаңа мамандықтардың пайда болу қажеттілігі туралы 9-шы сынып оқушылары айтып, «Роботтытехника инженері» мамандығын презентациялады. 5,6 сынып оқушылары мастер – класс өткізіп, білімдік роботтарды демонстрациялады. 11 сынып оқушыларының «Менің болашақ мамандығым-дәрігер» деген керемет сөздері, жоғары санатты медицина – заманауи қоғамның тұрақты дамуы, қызмет етуі үшін өмірлік маңызды қажеттілік екенін көрсетті. Мамандық таңдаудағы ең басты мотиватор, әрі бағыт беруші ол өзіміздің кәмелетке жетуіміздеген ойлар айтылды. Кәсптік бағдар беру кабинетінің тиімді жұмысы арқасында біздің түлектеріміздің міндетті түрде өмірден өз орындарын тауып, армандарына қол жеткізетініне сенімдіміз.
Бекова Л.Г., директордың ОІ орынбасары