1 мамыр-Қазақстан халықтарының Бірлігі күні. Барлық қазақстандықтар үшін бұл күн ерекше маңызды. Біздің елімізде, бір шаңырақ астында 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тату–тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
1 мамыр қарсаңында № 1ОМте аталмыш мерекеге арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиын басталаралдында 1 – 4 сыныптардың оқушылары Қазақстан Республикасының Әнұранын шабыттана шырқады. Мектеп директоры Татьяна Александровна Чуркина оқушыларды құттықтап, жылы лебіз білдірді. Ол жиналғандарға бейбіт өмір, ашық аспан, мықты денсаулық, оқуда табыс тіледі. Сонымен қатар, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық және мектептік шараларға қатысушы оуқшыларға алғысын білдірді. Аталған шараларға қатысып жеңімпаздар мен жүлдегер атанған оқушыларға салтанатты түрде дипломдар мен грамоталар тапсырылды. Бағдарлама жүргізушілері Сексенбаева Томирис пен Амренов Руслан мерекенің шығу тарихымен және дәстүрімен таныстырды. 8-ші сыныптардың би ансамблі «Весна» хореографиялық композициясын орындады.
Жиын соңында 2 «Б» сынып оқушыларының орындауында «Мой Казахстан» әні шырқалды.
Альбрехт Т.Р.