Жеңіл атлетика ежелден келе жатқан спорт түрлерінің бірі болып табылады. Археологиялық жәдігерлер, құмыралар, тиындар мен мүсіндер бетіндегі ежелгі спортшылардың суреттері соның куәсі. Жеңіл атлетиканың құрамына көптеген спорт түрлері енетіндіктен оны спорт ханшайымы деп атауға болады. Соның ішінде ең байырғы спорт түрі - жүгіру. Ежелгі уақытта бір стадиоға — жүз тоқсан екі метр болатын дистанцияға жүгірген. Қазіргі күні үйреншікті болған стадион сөзі дәл осы «стадио» сөзінен пайда болған және адамдардың спорптен шұғылданатын орны деген мағынаны білдіреді.
2019 жылдың 29-30 сәуірі күндері «Локомотив» стадионында жеңіл атлетикадан аудандық жарыстар өткізілді. №1ОМнің құрамында келесі оқушылар: Дершан Эдуарт, Райле Сергей, Моисеев Богдан, Курбангулов Данил, Дершан Никита, Самойленко Даниил, Дикая Арина, Пигаль Татьяна, Терещук Елизавета, Лавская София, Самченко Александра, Терзиди Афина болған құрама командасы 1500 метр дистанция бойынша ауданның 12 командасы арасында 5-ші орынды иеленді. Жеке есеп бойынша Дикая Арина 800 м -3 ші жүлдеолі орын, 2 орын - 800 м. иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!