Бүгінгі ауа райы, жарқыраған күннің шуағы сенбілікке шыққан қатысушыларды жадыратып, қуаныш пен сергектік сыйлап, иігілікті іске қызу кірісуге құлшындырды.
Бұл-қаланы абаттандыру және жер бетін тазалау бойынша айлық шеңберінде өтіп отырған кезекті сенбілік. Көктемнің осынау күндерінде қолдарына сыпырғыш, тырнауыш алып, мектеп маңайында, мектепке жақын орналасқан Жеңіс саябағында жұмыс жасап жүрген біздің мектебіміздің оқушыларын, шағын орталық тәрбиешілерін, мектеп жұмыскерлерін жиі көруге болады. Сынып ұжымдары мен мектеп жұмыскерлері өздеріне белгіленген аумақты қоқыстардан және жапырақтардың шірінділерінен тазалады.
Сенбілік тиімді, табысты өтті. Сенбілікке қатысушылар өздері атқарған жұмыс нәтижесінен разы болып тарқасты. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі олардың көңілдерінен шықты: айнала тап-таза, әрі жарқырап тұр!