«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Атбасар қ. аудандық мәдениет үйінде Ақмола облысының мұражаттар және құжаттамалар басқармасымен ұйымдастырылған «Өлке тарихы-ел тарихы» атты жылжымалы фотокөрме өткізілді. «Өлке тарихы - Ел тарихы» жобасының негізгі мақсаты - шағын Отанының даму кезеңдері мен даму барысындағы оның ролін сипаттаушы мұрағаттық фотоқұжаттарды көпшілік назарына ұсыну.
Көрмеге №1ОМ 7-ші сыныптарының оқушылары қатысты. Ақмола облысының мұражаттар және құжаттамалар басқармасының қызметкерлері қатысушылар назарына фотографиялар ілінген стендтер арқылы Ақмола облысының 17 ауданы мен екі қаласының тарихы туралы әңгімелеп берді. Көрмеде 1991 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі фотоқұжаттар ұсынылды.
Әр фотографияда өңірімізде болған тарихи оқиғалар туралы ауқымды, ақпараттарды жан-жақты баяндады. Балалар өз өлкелерінің тарихын тереңірек біле түсті. Аталмыш жоба біздің облысымыздың қалыптасу және даму уақыты мен кезеңдерін көрсетті. Көрменің құндылығы біздің өңіріміздің әр ауданында, әр ауылында көрсетілуінде.
Идрисова Ж.М.