Текст
Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
6 мамыр 2019 ж «Айналайын» шағын орталығында 9 мамырға арналған «Жеңіс үшін күрескендер» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысында қазақ қахармандары, біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы т.б ержүрек батырларымыздың жасаған ерліктерін балаларға жеткіздік.
Зал мерекеге сай безендіріліп, балалар жауынгер болып мерекеге сай киінді. Балалар сағыс, жеңіс, ерлік жайлы тақпақтар айтып, өлеңдер айтып би де биледі.Балалар көтеріңкі көңіл-күйде болып, кеш жақсы көңіл-күймен аяқталды.
Тәрбиеші: Абдигалиева М.Е.