Текст
7 мамыр күні Қазақстан Отан қорғаушылар күні мерекелейді. Отан қорғаушылардың басты міндеті - туған өлкесінің тыныштығын қорғау, ел тәелсіздігін қорғау жолында сенімді қызмет ету. Әскери қызметкерлер барлық ұрпақтар үшін ерліктің , жауапкершіліктің, патриотизмнің үлгісі болуы тиіс. Ең бастысы әр отбасы өзінің қауіпсіздігіне сенімді болып, бейбіт аспан астында, бейбіт өмір құруы тиіс. Біздің мектептің кітапханасында осы атаулы датаға арналған тақырыптық сөре безендірілді. Мектеп кітапханашысы 6 «В» сынып оқушыларымен жас ұрпақты патриотизм, азаматтық борыш сезімдеріне тәрбиелеуге бағытталған викторина өткізді.
7 мамыр Отан, мемлекет қорғау, ел тыныштығын сақтауда әскери қызмет жасаушылардың салтанатты мерекесі.