Текст
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекесі. Бұл мереке 1992 жылы президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның өз әскерін құру туралы Жарлығына қол қойған күннен бастама алады. Мемлекет басшысының тарихи шешім қабылдағанына 20 жыл, содан бері 7 мамыр — қазақстандық тұрғындар үшін демалыс күні болып табылатын реми мемлекеттік мереке. Бұл шешім елімізде әскери қызметке деген құрметпен байланысты. Осы мереке қарсаңында мектеп әкімшілігі мен ұжымы ер азаматтарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтады. Әр адамға жылы лебіз білдіріп, естелік сыйлықтар табысталды..