9 мамыр күні Қазақстан Ұлы отан соғысындағы Жеңістің - 74-жылдығын мерекелейтін болады. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды мереке болып табылады. Бұл соғыстың қан майданында қаза болған адамдар жайлы аса қасиетті естелік. Бұл қасымыздағы соғыс ардагерлеріне деген құрмет. Соғыс туралы тарихи естелікті жадымызда сақтау, ерлікпен қаза болған бірде бір сарбазды естен шығармау, қасымызда жүрген соғыс ардагерлері мен еңбек тылының жұмыскерлеріне, соғыс жылындағы балаларға құрмет көрсету, шексіз алғыс білдіру біздің адами парызымыз.
№1орта мектеббінің кітапханасында осы елеулі датаға арналған кітап көрмесі безендірілді. Көрмеде Б.Момышұлы жайлы, Калашник М.Х «Испытание огнем», И.Падериннің «Солдат всегда солдат», Ғ.Мүсреповтың «Солдат из Казахстана» және көптеген соғыс жылдарындағы қаламгерлердің кітаптары қойылды. Көрменің басты міндеті–оқушыларды соғыс тақырыбындағы шығармаларды оқуға жұмылдыру, қазіргі бейбіт өмірді қан майданда қыршын өмірін, жастық шағы мен денсаулығын құрбан етіп қорғаған ата-бабаларының ерліктері жайлы естелікті сақтау және құрмет көрсетуге баулуды көздеді.