Ұлы Отан соғысы әрбір отбасыгың шырқын бұзғаны мәлім. Бұл күні көз жасы мен күлкі қатар жүреді. Сұрапыл соғыста қол жеткен Жеңіс үшін мақтаныш сезімі кеудеңді кернейді. Соғысты ұмытуға болмайды. Ата-бабаларымыз біздің бейбіт, мұңсыз өміріміз үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да Жеңіс күні біздің бәріміз үшін аса қымбат мереке болуы тиіс.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу қарсаңында біздің мектепте «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды» қайырымдылық концерті өткізілді. Концертке келген қонақтарды 8-ші сыныптардың оқушылары жылы джүзбен қарсы алып., «Жеңіс күнімен» ашық хаттарын сыйлады. Мектептің акті залында 40-шы жылдардың вальсі ойнап тұрды, концерт театраландырылған қойылыммен басталды. Концертке қатысқан балалар қойылым кезінде ата-абабаларының ауыртпалығын, қайғы-қасіретін жүректен өткізіп, көздеріне жас ала отырып, шынайы ойнап берді. Жеңістің 74 жылдығы - зал толы адамдар, үздіксіз ду қол шапалақ-қошамет, мұң мен қуаныштың көз жасымен есте көпке дейін қалатыны сөзсіз.