Сұрапыл соғыста жеңіске жетіп, мықты мемлект іргесін қалыптастырған адамдарға құрмет сезімі оқушыларымыздың бойында тек мереке қарсаңында ғана емес, әр минут сайын болуы тиіс.
11 сыныптардың оқушылары биыл мектепті бітіріп, сүйікті мектептерімен, қаласымен қоштасады. Шалғайда жүрген кезде мектеп өміріндегі көптеген естеліктер мен керемет оқиғалар олардың жадында болатыны және онымен жаңа таныстарымен қуана бөлісетіні сөзсіз. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша өлкетанушылық материалдар үйреніледі. "Долг поколений" атты үндеу жиналғандарды Атбасар ауданының Ұлы Отан соғысы кезіндегі тарихымен таныстырды. Оқушылар соғыс және тылдағы еңбек батырлары-өз жерлестері туралы мақтаныш сезіммен баяндап берді.
Шараға қатысушылар өздерінің осыншама қасиетті жерде дүниеге келгенін мақтаныш ететінін айтып, ауданымыз-ұлы патриоттары мен керемет тарихы бар тамаша өлке деген тұжырымға келді.
Токтарова Г.К.