14 мамыр күні 2 "В" сынып оқушылары мектеп кітапханасына барды. Кітапханашы Конурбаева Д.А. кітап әлеміне қызықты саяхатқа қатысуға ниет білдірген оқушыларды жылы жүзбен қарсы алды. Ол оқушыларды кітап жинақтары, журналдармен таныстырды. Кітапты күтіп оқу, оны қалай таңдау керектігі және оқырмандар залында өздерін қалай ұстау керетігі туралы айтты. Балалар кітаптардың кітапханада қандай принціп бойынша орналасатыны жайлы және балалардың нені сүйіп оқитыны туралы білді. Балалар кітапханашының әңгімесіңн қызыға тыңдады.
Балалар сөрелерде керемет безендіріліп орналастырылған, тартымды мұқабаларымен көзге түсетін көптеген кітаптарды қызыға тамашалады. Олар осыншама кітапты ешқашан көрген емес. Сондықтан да саяхат оқушыларға тамаша әсер берді, кітапханадан кеткілері келмеді. Кітапханаға бару оқушыларға ұнады. Білім алушыларды жастайынан кітап мәдениетіне жұмылдыру және қызығушылығы мол, сауатты адам қалыптастыру аса маңызды.
Гемальская Ю.А.