«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұражайға саяхат

16.05.2019

15 мамыр күні 1 «В» сынып оқушылары өздерінің ата-аналарымен бірлесіп қаладағы тарихи-өлкетану мұрайына саяхатқөа барды. Саяхат жүргізуші оқушыларды біздің өлкеміздің жануарлар және өсімдіктер әлемімен және дәрілік өсімдіктер дүниесімен таныстырды. Балалар жылына екі рет: қыста-ақ, жазда–қоңыр  болып түлейтін  Ақ қоянды көру мүмкіндігін алды. Дала қасқыры, қабан, бүркіт тәрізді жануарлар мен құстардың тамашалады.

Қыздарды бір-біріне ұқсамайтын керемет  көбелектер коллекциясы қызықтырды. Ұлдар қоңыздар мен бүйілерді қызықтады. Олар осы өңірде болатын, шортан тәрізді жабайы балықтар да кездесетін, балықтар туралы композицияны қызыға қарады. Суда жүзетін, Қызыл кітапқа енгізілген құстарды  естеріне түсірді, мысалы  қызыл  қоқиқаз.  «Мұзды дәуір» мультфильміндегі мамонттың  азу тісін, жақ  сүйектерін т.б. қаңқасын қарады. Ал көшпенділердің тұрмыс салты туралы залда балалар киіз үй жабдықтарын, киім-кешектер, ыдыс-яқтарды қызыға тамашалады. Әйелдердің, ерлердің түрлі зергерлік әшекей бұйымдары балалардың назарына түсті. Саяхат жүргізуші қолдан жасалған сауытқа балалардың назарын ерекше аударды.  

Соңғы залдағы экспозиция – біздің қаламыздың бейцнесі ерекше қызықтырды. Әр бала өз көшесін, үйін табуға тырысты. Оқушылар мен ата-аналар танымдық әрі қызықты саяхат үшін мұражай қызметкерлеріне алғыс білдірді.       

Сын. жет. Т.Ларионова.

Просмотров: 536


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст