«Тәрбие –ұлы іс: ол арқылы адамның тағдыры шешіледі» деген екен ұлы орыс сыншысы В.Г. Белинский. Шынымен де, бірлескен еңбек балалардың басын біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар, бір-біріне көмектесуге үйретеді, шаттық-қуаныш сыйлайды, бала тұлғасын, болашақ азаматтарды қалыптастыруға да себін тигізеді. Бүгін 5-7 сыныптардың оқушылары өз мектептерінің аумағын жинастыру сенбілігіне шықты. Олар көптеген жұмыстарды атқарды: мектептің барлық аумағы қоқыстардан, жапырақтардың шірінділерінен, қураған шөптерден тазартылды, мектеп участоктары, балалар алаңқайы, спорт алаңқайы жинастырылды. Мектеп төңірегндегі газондарды қалпына келтіру үшін көп еңбек сіңірілді. Әрине осындай шараның тәрбиелік сәті бар. Біз өзіміз, басқа адамның әрекетінен орын алған, табиғат салдарынан болған қоқыстарды жинастырамыз. Сенбіліктер эстетикалық тәрбиелеу үшін де маңызды. Мектеп маңайын жинастыру кезінде мектеп оқушыларының қоршаған ортаға жауапты көзқарастары және ұжымдық жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Адамның өзі де жинақы, жан-жағы да жинақы болуы тиіс, сондықтан да осындай сенбіліктер қажет, маңызды. Ауа райы да тамаша болып, қызықты еңбек пен жадыраңқы көңіл–күйге ықпал етті.