21 мамыр күні Атбасар қ. №1ОМ конференц-залында Атбасар қ. әкімі Аскаров Марат Сабыровичтың № 1,3,4,7 орта мектептерінің түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге ювеналдық полиция бөлімшесінің аға топ инспекторы Смагулов Жасұлан Болатович қатысты. Қала әкімі өз сөзін маңызды оқиға: 2019 жыл Қазақстандағы Жастар жылынан бастады. Бұл мемлекетіміздің жас ұрпақтарға жасаған қамқорлығының белгісі деп қорытынды жасау мүмкіндігін береді. Марат Сабырович салауатты өмір салты, мамандық таңдау, мектеп бітіру кештерін өткізу мәселелері бойынша түлектермен диалог құрды. Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға топ инспекторы Смагулов Жасұлан Болатович құқықтық жауапкершілік мәселесі және қаладағы құқықбұзушылықтар туралы айтты. Шара соңында кездесуге қатысқан барлық адамдар көңілдегі мәселелерді анықтауға қажет болатын осындай шаралар маңызды, пайдалы, әрі керек екенін атап өтті.