Бүгін мектебіміздің үздік оқушылары «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарын толықтырды. 10 бала туымыз түстес, ашық көгілдір галстукты мойындарына тағып, Отанын сүюге және оны қорғауға ант берді.
Бұл ұйымның мақсаты –жеткіншек ұрпақты қазақстан халықына, мәдениеті, салт-дәстүріне, толеранттілік пен бейбітсүйгіштікке шынайы сүйіспеншілік және шын берілу, білім жолында талмай іздену, өзіндік жетілу, Отан тарихына ат салысу , Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағы алдындағы жауапкершілік тәрізді жоғары сезім үйлесіміділігі негізінде өз Отанының патриоттарын тәрбиелеу.
Салтанатты шараны Атбасар ауданының «Жас-Ұлан» Балалар-жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Шульгина О.И. ашып, өзінің игі тілегін білдірді.
Балалар қозғалысына өзіндік үлестерін қосып үлгерген, бастауыш сыныптардағы мектебіміздің ең лайықты деген оқушылары залға қызу қошамет аясында кірді. «Жас Ұлан» ұйымының барлық мүшелері өз білімін, еңбегі мен күшін Қазақстан Республикасының нағыз азаматтары болуға жұмсайтыны, Өз Отандарын шын жүректен сүйіп, оны қорғайтыны және «Жас Ұлан» Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы талап ететіндей оқуға, өмір сүруге ант берді.
Балалардың мойнына салтанатты түрде галстуктер тағылды, галстук тағу құрметі: Атбасар ауданының Балалар-жасөспірімдер ұйымының үйлестірушісі Шульгина О.И., мектеп директоры Чуркина Т.А., оқу ісінің меңгерушілері Бекова Л.Г. және Позднякова Т.В., вожатый Нургалиева К.С. мен мектеп Ұланбасы - Т.Сексенбаеваларға ұсынылды.
«Жас Ұлан» Республикалық Бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының жаңа мүшелерін біз осы керемет оқиғамен құттықтаймыз! Оқуда табыс, зияткерлік жетістіктер, шығармашылық жеңістер тілейміз! Сіздерге, сіздердің жақындарыңызға мықты денсаулық, ашық аспан, шат заман тілейміз. Өмірлеріңіз ұлы жеңістермен,Отанға деген сүйіспеншілікпен нұрлансын!