«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың аралық, қорытынды аттестациясын өткізу туралы педагогикалық кеңес

24.05.2019
23 мамыр күні №1ОМте оқу жылының қорытындысы бойынша  педагогикалық кеңес мәжілісі  өткізілді. Мәжілісбарысында келесі мәселелер қаралды: 
1) Білім алушылардың  аралық, қорытынды аттестациясын   өткізу, білім алушылардың  емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныптарға көшіру немесе қайталама курсқа қалдыру, білім алушыларды грамоталармен және мақтау қағаздарымен марапаттау туралы.
2) 9 – шы сынып оқушыларының арасындағы зияткерлік марафон нәтижесі
3) Ағымдағы мәселелер қаралды
Педагогикалық кеңестің  жұмысын  директордың оқу ісі бойынша орыбасары  Бекова Л.Г. ашты. Ол  педкеңесте қаралатын, талқыланатын  мәселелерді айтты. Пән мұғалімдерінің назарын  оқушылардың білім сапасына аударды. Білім беру жүйесіндегі білімдік қызметтердің маңыздылығын туралы  айтты. 
1-11сыныптардың әр сынып жетекшісі  сыныптағы оқушылар саны, үздіктер мен жақсы оқитын оқушылар, білім сапасы, сынып   үлгерімінің  пайызы, келесі сыныптарға көшірілген оқушылар саны жайлы айтты.  Сынып жетекшілері  әріптестерін аралық, қорытынды аттестацияға жіберілген  білім алушылар санымен таныстырды.  Сонымен бірге, ұсынылған  ДКҚ негізінде аралық, қорытынды аттестациясын   босатылған оқушылардың тегі аталды.  
Оқу ісінің ғылыми меңгерушісі Батченко О.Н.  9 – шы сынып оқушыларының арасындағы зияткерлік марафон нәтижесі жайлы ақпарат берді. Мектеп директоры Чуркина Т.А. мәжілістің бұдан әрідегі жұмысын жалғастырды. Ол педагогикалық ұжымның жұмысын қорытындылады, әріптестерін алдағы аптада атқаратын іс-шаралар жоспарымен таныстырды. 
Утеуова А.Б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст