«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БІТІРУ БАЛЫ-2019!

25.05.2019

Мамырдың айының соңында мектептерде бірнеше бітіру   балдары өтетін кез. Міне,  0 «Б» сыныпта да сондай шаттыққа толы,  әрі шамалы  көңілсіздеу мереке-оқушылар өздерінің мектепалдындағы сыныбымен қоштаспақ, бірақ алдарында  «мектеп» атты жаңаша өмір күтіп тұр. Бұл күні балалар әндері шырқалды, көптеген өлеңдер  өлеңдер оқылды, балалар осы арқылы өздерінің қуаныштарын көрсетіп, алғыстарын білдірді, алдағы армандары ,  мектепетегі жаңа достары  туралы айтты. 
Мереке! Осы күнді олар тағатсыздана күттті. Міне, шаттық пен қуанышқа таңғажайыптарға толы мереке де келіп жетті. Зал  мерекеге сай безендірілген, ата-аналар мен қонақтар шақырылған.  Залға мерекенің басты кейіпкерлері – кішкентай оқушылар кірді.  Олар осы уақыт ішінде өздерінің не үйренгендерін көрсетті: ән шырқады, өлеңдерді мәнерлеп оқыды, жұмбақтар шешті, математикалық есептер шығарды, буындардан сөздер құрастырды. Кішкентай бүлдіршіндерді құттықтауға ағалары келді. Бұл мереке оқушылардың, үлкендердің  жүрегіңде көпке дейін орын алатыны белгілі. Өйткені бұл олардың өміріндегі алғашқы бітру кеші. Ал ата-аналар үшін балаларымен бірге өткен мектеп өміріндегі алғашқы кезең. Ал педагогтар үшін өз шәкірттермен және тәрбиеленушілерімен кезекті қимас қоштасу.
Бітіру кеші қызықты, тартымды өткенімен қимас сезімнен туған көңілсіздік те болды. Мереке соңында ата-аналар балалрға арнап дәмді дастархан жайды сыйлықтар тапсырды. Күндеріңіз бақытқа толы  болсын. 
"Армысың мектеп, қош бол мектепалдындағы сыныбым!» деп, алға үмітпен аттаныңдар, жас бүлдіршіндер.

Гуляко Л.А.

Просмотров: 505


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст