«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау!

25.05.2019

Бүгін, 25 мамыр күні, № 1ОМте 2019 жылғы түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Күннің бұлтты болғанына қарамастан,  мерекеге кеолген әр оқушының, ата-ананың, ұстаздардың, қонақтардың  жүздері жарқын,  шаттық пен қуанышқа толы мерекелік   атмосфера орнағаны алыстан-ақ байқалады.  Мектептің мерекеге сай безендірілген алаңында оқушылар, ұстаздар, ата-аналар мен қонақтар жиналған. Мерекелік шараның  жүргізушілері: Амренов Руслан, Кабельдинова Еларалар ду қошамет пен салтанатты  фанфар үні аясында  2019 жылғы түлектер мен сынып жетекшісі Токтарова Гульнар Казкеновнаны ортаға шақырды. Ең талантты, еңбексүйгіш, мақсаткер 11 сынып оқушылары мерекелік ортаның  төрінен орын алды! Құттықтау сөз кезегі Атбасар ауданы  білім бөлімінің әдіскері  Комбарова Ю. В.  – берілді. Мектеп  директоры Чуркина Т.А. оқу жылының аяқталуымен құттықтап,  ата-аналар мен ұстаздарға, түлектерге өзінің игі тілегін  білдірді. Мектеп оқу ісінің меңгерушісі Бекова Любовь Герихановна 2018-2019 оқу жылын аяқтау және білімалушылардың  аттестациясын өткізу туралы бұйрықпен  таныстырды.  Педагогикалық еңбек ардагері  Гопаненко Л.В., білім бөлімінің әдіскері  Комбарова В.Ю., №1 ОМ ата-аналар комитетінің төрайымы Абаева З.М.,  мектеп директоры Чуркина Т.А. оқушыларға үздік оқығаны үшін грамоталар тапсырды.  Мектеп директоры, Татьяна Александровна  жыл сайын мектеп ішінде өткізілетін «Үздік сынып» конкурсының нәтижесін жариялады. Бастауыш буын арасында: 1 орын 2 «А» сынып, 2 орын – 3 «Б», 3 орын – 3 «А» сынып. 5-11 сыныптар арасында 1 орын- 9 «А» сынып, 2 орын – 11 сынып, 3 орын  – 6 «А» сыныптар алды. 1-ші сыныптардың оқушылары өз аға достарына игі тілектерін білдірді, өнерелерін сыйлады.  11сынып оқушылары мектепке, ұстаздарға, ата-аналдарына деген алғыс сезімдерін білдірді.  Көптен күткен толқулы сәт те келіп жетті. Соңғы қоңырау соғу мәртебесіне  11 сынып оқушысы  Комбатуров Тамерлан  мен 
1 «А» сынып оқушысы  Комбарова Виктория ие болды. Осыдан кейін қыздар вокалдық тобының орындауында  музыкалық құттықтау қабылданды. Жиналғандар қызу қошаметпен  2019 жылдың түлектерін ортадан шығарып салды. Балалықытың соңғы сабақтары өткізілді, Ақ жол, Сәтті сапар болсын қымбатты түлектер! 

Утеуова А.Б.

 

Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст