30.05.2019
«Өзін-өзі тану» әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері аудандық қорытынды отырыста бас қосты. Отырыстың барысында келесі мәселелер қаралды: 1) 2018-2019 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайы туралы АББ әдіскері Мотузкова О.С – баяндамасы, 2 «Өзің - өзі тану» пәні арқылы оқушыны жан-жақты дербестікке тәрбиелеу»-баяндама №7ОМ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Шакеева М.Е, 3 «Планета чувств»- тренингі-№57ОМ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Самсонова Г.Н.
Оксана Сергеевна2018-2019 оқу жылында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытылу жағдайы, аудандық әдістемелдік бірлестіктің атқарған жұмыстары жайлы баяндады. 2018-2019 оқу жылы барысында аудан және қала мектептерінде семинарлар, көрмелер, конкурстар өткізілді, оған ауданның және қала мектептерінің мектеп педагогтары қатысты. Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үздік сабақтар мен шаралар әзірлемесі аудандық сырттай конкурстың нәтижесі шығарылды. Біздің мектебіміз жүлдегерлер және номинантар қатарынан табылды: «Лучшая разработка урока» номинациясында Маркелова Валентина Александровна – 1 орын, «Лучшая разработка урока» - Чуркина Татьяна Александровна, Альбрехт Тамара Радионовна, Позднякова Татьяна Викторовна, Макажанова Кайнеш Галымжановна.
Білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушина жеңімпаздарға марапттары мен грамоталарын тапсырып, оқу жылын табысты аяқтаумен құттықтады. Ол жиналғандарға қызметтестігі мен белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі. Отырыс «Планета чувств» тренингімен аяқталды. Отырысқа қатысушылар бір-біріне жаңа күш-қуат, жаңа істер мен жетістіктер және жақсы көңіл-күй мен демалыс тіледі.
«Өзін-өзі тану» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Т.Р. Альбрехт