2019 жылдың 30 мамыры күні №1ОМ жаныдағы «Айналайын» шағын орталығынывң 16 тәрбиеленушісі шағын орталықпен қоштасып: «Қош бол! (деген қимас сөздерін айтты.
Бұл бір жағынан қуанышты, екнші жағынан, қимас сезімнен туындаған көңілсіздеу оқиға. Біздер, тәрбиешілер үшін өз балапандарымызды келесі сатыға көшіретініміз қуанышты, ал осындай сүйкімді, өз туғаныңдай болып кеткен балалармен қоштауымыз көңілсіз сәт. Шағын орталықтың түлектері кезекті сәтте ән шырқап, өнерлерін көрсеткен мерекелік шара достық атмосферасында өтті. Қыздар «Тамтамарески» театрының көмегімен өздерінің шағын орталыққа келуі туралы қызықты частушкалар мен керемет әсем жастықтарын қолданып «шағын орталықтағы тыныштық кезі» көрінісін орындады.
Түлектерді осы атаулы мерекесімен құттықтауға сәбилер тобының балалары келді. Олар біздің түлектерімізге кішкентай кездерін естеріне түсіріп, мектепте өнегелі , үлгілі болыңдар, «төрт пен беске оқыңдар» деп тілектерін айтып, «Мы танцуем танец дружба» биін сыйға тартты.
Ертегі кейіпкерлері Мальвина мен Буратиноның келгені балалар үшін тосын сый болды, олар «На какие оценки буду учиться - я» ойынын ойнады.
Шағын орталықта ұйымдастырылған бітіру ертеңгілігі балалардың есінде көпке дейін қалатын ерекше жарқын мереке болды. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна балаларға «Айналайын» шағын орталығын аяқтағаны туралы алғашқы құжаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды, балаларға жақсы оқыңдар, иігілікті істерді атқарыңдар, шағын орталықтарыңды ұмытпаңдар деп игі тілегін білдірді.
Мереке соңында балалрға шарлар сыйланды.
Мектептегі өмірлерің сәтті болсын, кішкентай түлектер!