Текст
2019 жылдың 3 маусымы күні 9-шы сыныптарда негізгі мектеп курсы бойынша орыс тілінен қорытынды емтихан өтті. Атбасар ауданы білім бөлімінің бас маманы Либрехт Ирина Викторовна және мектеп оқу ісінің меңгерушісі Бекова Любовь Герихановналар оқушыларға мемлекеттік қорытынды аттестаттауды табысты тапсыру барысына сәттілік пен жеміс тіледі. Орыс тілінен мемлекеттік емтихан әдеби тілдің орфографиялық және пунктуациялық нормаларын сақтай отырып жазылатын диктант түрінде алынды.