Міне, балалардың көптен бері сағына күткен мезгілі-ЖАЗ да келіп жетті. «Жаз –кішкентай әлем» деп әнде шырқалатындай, бұл мезгіл балалардың естерінде көпке дейін сақталуы үшін барлық жағдай жасалады.
3 маусым күні «Балапан» мектеп жанындағы ойын алаңқайы өз келушілеріне есігін айқара ашты, сөйтіп, лагердің қызықты өмірі басталып кетті.
Балаларды тәжірибелі тәрбиешілер Ларионова Татьяна Валерьевна мен Жеребкова Лариса Викторовналар жылы шыраймен қарсы алды.
Бірінші күн: «Кел, танысайық! - «Давайте познакомимся!» айдарында өтті. Балалар «Снежный ком», «Здравствуй, друг», «Моргалки» ойындарын ойнау арқылы бір-бірімен танысты, бір-бірін жақынырақө тани бастады . бұл күн балалардың жадыұна көптеген әсерлер сыйлады. 2019 жылғы лагерлік ауысым өз жұмысын бастады. Балалар сонымен қатар, бұл күні лагердің күн тәртібімен, лагердегі, көшедегі тәртіп ережелерімен танысты, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарды тыңдады.