12 маусым күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММде 2019 жылдың мектеп туүлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттар тапсыруға арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты әсем безендірілген залда орындалған Қазақстан Республикасының Әнұраны оқушылардың бойына патриоттық, бірлік пен шынайылық сезімдерін терең ұялатты.
Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Алимжанов Кенеш Галибекович и пен Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевналар мектеп түлектеріне өздерінің жүрек жарды игі тілектері білдірді. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна мен Бекова Любовь Герихановналар Комбатуров Тамерлан, Анохина Екатерина, Шевченко Валерия, Гончарова Лия, Соломка Еленаларға "Надежды Казахстана" құрмет кітабын тапсырды. Он екі оқушы аттестат пен құрмет грамоталарын алды.
11 сыныпата-аналар комитетіінң төрайымы Ермоленко Ирина Николаевна Президенттің салиқалы саясаты, елімізде, аудан аумағында орын алған бейбітшілік пен бірлік үшін үшін Атбасар ауданы әкімдігіне, оқушыларға деген қамқорлық пен жанашырлық, алған білімдері мен тәрбиесі үшін білім бөліміне және №1мектеп педагогикалық ұжымына алғысын білдірді. «Қазақстан қалалары» конфеттерімен креативті шашылған шашу еліміздің ұлылығын тағы да бір көрінісі болды. Мектеп түлектері өздерінің қойылымында мұғалімдерге, туған үйіне айналған ата-аналарына алғыстарын білдірді. Мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқан жастардың жүзінде шынайы қимастық байқалды. Жаңа өмір алдындағы сапарларыңыз сәтті болсын!
Токтарова Г.К.