13.06.2019
Мектеп жанындағы алаңқайдың әр таңы қауіпсіздік техникасын сақтау ережелеріне басталады. Тәрбиешілер мен мед.қызметкер мұражайда, автобуста, саябақта, жол бойында, суда т.с.с орындарда кауіпсіздік техникасын сақтау керектігі туралы айтады. Наталья Анатольевна қалалық жағажай ашылар алдында балалармен судағы тәртіп ережелері жайында әңгіме өткізді.
- Суға тамақ ішкен соң бір жарым сағаттан кейін шомылуға болады;
- Судың температурасы +16 °С төмен болса, шомылуға болмайды, өйткені салқын судан сіңір тартып қалады немесе естен айырылу қаупі бар ;
- Судың температурасы +17 до +19 °С және ауаның температурасы 25 °С болса, судан 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды;
- Арнайы бөлінген, қауіпсіз орындарда ғана шомылуға жүзу керек. Егер сіздің жабайы табиғат аясында болып, жүзгіңіз келсе, онда таза суы бар және тереңдігі 2-ге дейін болатын, жайпақ жағалауы түбі құмды, ағыны баяу, 0,5 м/с ( оны тексеру үшін суға шыбық немесе таяқша тастап қара) жерді таңдаған жөн. Судың түбін мұқият етксеріп, шомылып жүрген балаларға қарау керек. Балалар жағалдауға жақын жерде шомылуы керек. Батпақты жерлердегі суға ешқашан шомылмаңыздар;
- Ішімдік ішкен болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, қараусыз қалған балалар қатерге ұшырауы мүмкін.
Балалардың судағы қауіпсіздіктері бойынша негізгі ережелер
- Белгіленген орындардан алыста жүзуге, ондай белгі болмаса жағалаудан алыс жүзіп кетуге тыйым салынады;
- Судағы кемелерге, қайықтарға жақын жүзуге тыйым салынады;
- Түбі таяз немесе тереңдігі белгісіз суға секіруге болмайды ;
- Қайықтардан, көпірлерден және басқа да арнайы белгіленбеген орындардан суға секіруге болмайды;
- Күнге қыздырынған соң немесе ұзақ уақыт жүгіріп келгеннен кейін суға тез секіріп түсуге болмайды , естен айырылу неме жүрек тоқтап қалу қаупі бар. Суда шамалы шайынып алған дұрыс;
- Желді күндері және қатты толқын кезінде шомылуға болмайды;
- Жағалауында үлкен тастар немесе бетон плиткалар жатқан су қоймаларына суға стүсу қауіпті, мүк басқан тастар тайғанақ болады және ол жерден шығу қиынға соғады;
- Үрлемелі матрастар мен дөңгелектер тек жағалауға жақын жерлерде ғана шомылуға арналған;
- Су астында қарсыласына бас салу немесе оны ұстап алумен байланысты ойындарды су ішінде оййнауға болмайды, жолдасыңыз суға шашалып есінен айырылып қөқалуы мүмкін.
Ларионова Т.В.