Текст
«№1 орта мектебі» КММ лингвистикалық мектебі өз жұмысын жалғастыруда. Балалар қазақ және ағылшын тілдерін қызығушылықпен үйренуде. Олардың тілдерін жаттықтыру үшін тіл үйренуде монолог пен диалогтың маңыздылығы зор.Тіл үйренуде ойын, өлең, сергіту сәттері балалардың көңіл-күйін көтеріп, тілді жетілдіруге жетелейді.Балалар өте тартымды ойындар арқылы апта күндерін қайталап, жаттап алды. Оларға сәттілік тілейміз!
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исина Гүлназ Рысбайқызы