Демалыс–сабақтан қол босаған, балалар мен жеткіншектердің тәрбиесін дамыту үшін аса маңызды болып табылатын тамаша кезең. Балаалрдың денсаулықтарын сақтау және нығайтуға байланысты жұмыстардың көпшілігі жаз мезгілінің үлесінде. Мектеп маңайындағы абаттандыру жұмыстары жазғы маусымдағы оқушылар жұмыс бастылығын қамтамасыз етудің бір түрі. Мектеп маңайын көгалдандыру ең алғашқы кезекте оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне әсері зор. Сондықтан мектеп маңайындағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына оқушыларды жұмылдыру басты мақсат. Біздің мектебіміздің оқушылары: көшеттер мен гүлдерді суару, түптеу, гүлзарларды күту жұмыстарына белсенді қатысады. Жұмыстардың барлық түрі қоршаған ортангы қорғау мәселесіне оқушылардың назарын шоғырландырады, оқушыларға экологиялық тәрбие береді, жасыл шөпке, әсем гүлдерге жалпы мектептің аумағына деген қамқорлық, жанашырлық қатынастарға тәрбиелейді. Бұдан өзге, оқушылар арасындағы қызметтестік, шығармашылық, әріптестік атмосферасын құрады.
Утеуова А.Б.