«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көп тілді білім беруді іске асыру

17.06.2019

Үштілділік бағдарламасының басты мақсаты  – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың  «Мәңгілік Ел» бағдарламасындағы идеясын жүзеге асырудың бастамасы әрі негізі болатын платформа құру. «Мәңгілік Ел» — қазіргі заман талап етіп отырғандағыдай, әлемдік өркениеттің, ғылым мен техниканың  жаңалықтарын еркін белетін, игеретін және пайдалана алатын қазақстандық қоғам құру. 
Тіл  — эмәдениеттің негізгі құбылысы, сондықтан ұлттық бірліктің басты механизмі, Қазақстанның  әлеуметтік құрылымы  ретіндегі ұлттың қалыптасу аспабы болып табылады. 14 маусым 2019 жылы көптілді білім беруді іске асыру шеңберінде  Көкшетау  қ.  облыстық оқу-әдістемелік  кабинет қызметкерлері,  «НЗМ» ААҚ ПШО жаттықтырушылары, аудандық және қалалық білім бөлімінің әдіскерлері,  Ақмола облысы жаратылыстану–ғылыми  цикл пәндерінің  мұғалімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.  Бұл жерде  жаратылыстану-математикалық  цикл пәндерін оқытуда заманауи әдістемелер мен технологияларды көп тілді білім беруді енгізу мәселесі  қарастырылды. № 1 ОМ биология мұғалімі  Даржанова А.О.  биология сабағында ағылшын тілін енгізу тәжірибесімен  бөлісті. Ол өз сабақтарында үш  тілділік элементтерін енгізу, оқушылардың білім, білік,  дағдыларын қалыптастыру бойынша түрлі әдіс- тәсілдерге тоқталды.  Бұл жұмыстың түрлері тыңдалым, оқу, жазу және сөйлесуге бағытталады. Біздің мектептің  8 «Б» сынып оқушылары келешекте биология сабақтарынлда алған білімдері арқылы  өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын болады. Бүгінгі күні бірнеше тілді білудің маңыздылығы туралы: «Бір тіл-бір ақыл, екі тіл-екі ақыл, үш тіл- үш ақыл» деген нақыл сөз аса өзекті болып отыр. 

 

 

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст