Міне, №1ОМгі лингвистикалық ауысымның да жұмысы аяқталды. Демалыс уақытындағы тілдік бағдарламалар–демалыспен қатар, ыңғайлы ортада қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге берілетін керемет мүмкіндік. Жазғы оқу бағдарламасының басты міндеті – үдерісті қызықты әрі тартымды етіп ұйымдастыру арқылы балалардың бойында тілді үйренуге деген құлшынысты оятып, оң мотивация туғызу. Әр сабақ шаралар мен сабақтарды бір тұтас біріктіретін белгілі бір тақырыпқа арналып өткізілді. Тілді үйрену үдерісінде балалар мұғалімдердің, оқушылардың рөлінде болды, "Зоопарк " ойыны барысында жануарлардың рөлінде болып, олар сонымен қатар, дәмханаларға барушылар, дүкендегі сатып алушылар, үлкен отбасының мүшелері қатарынан да табылды. Бұндай сәттер оларды тілді одан әрі терең үйренуге қызықтырды. Сабақтарды ойын түрінде өткізу балаларға өздерін еркін сезінумен қатар, мүлдем басқаша оқу ортасына бойлау мүмкіндігін берді. Осы уақыт ішінде олар көптеген жаңалықтарды біліп, қызықты оқиғалармен танысты, сөздік қорларын кеңейтті, өздеріне жаңа дос тапты.
Алифёркина Е.Б.
Исина Г.Р.