«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ауламыздың көрікті болуы біздің қолымызда!

07.08.2019

Мектеп оқушыларының  жазғы уақытта мектеп учаскесіндегі тәжірибелері балаларды  тәрбиелеуде маңызды  орын алады. Бұл уақытта мектеп оқушылары агротехникалық әдістерді қолдана отырып,    гүлдері өсіру, оларды күтіп-бағу  бойынша биологиялық және ауылшаруашылық  саласындағы теориялық білімдерін  тәжірибеде қолдану  үшін ұсынылатын шынайы мүмкіндік. Архитектуралық құрылғыларды балалар өз қолдарымен жасайды.  Мектеп учаскесінде жұмыс жасай отырып, өз еңбектерінің нәтижесін көру үшін  балалар жазғы маусымда  сынып жетекшілерінің бастауымен мектеп маңайын абаттандыру бойынша жұмыстарды қызыға атқарады.  5 тамыздан   16 тамызға дейін осы жұмыстарды 5 «В»  және  6 «Б» сыныптарының оқушылары атқарды  (жет. Кайрбекова К.Д.,  Камисс М.). Мектеп аумағын тазалық пен тәртіпте ұстау үшін көптеген құлшыныс,  ерінбей еңбек ету керек. Бұл жерде балалар тайсалмайды, өйткені мектеп маңайының көрікті болуы  өздерінің қолында екенін олар жақсы түсінеді. 

Просмотров: 667


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст