«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар лингвистикалық алаңына қуана қатысып жүр

14.08.2019
«№1 орта мектебі» КММ лингвистикалық мектебі өз жұмысын жалғастыруда. 
Түрлі жаттығулар жасап, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастырады, жанашырлық сезімін, сенімділігін дамытады, топ ынтымақтастығын жетілдіреді.
 «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Балалар бөлмеде еркін жүреді де, мұғалімнің айтқанын орындайды. Мұғалім «бір-біріңе» деп айтқанда, балалар өздеріне жұп тауып алулары керек. Жұбың тапқаннан кейін мұғалім оларға жаңа тапсырмалар береді. Мысалы: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғына аяғын, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелерін тигіземіз. Осыдан кейін қайтадан өздеріне басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталайды.
 «Біздің топтың жүрегі».
Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырамыз. Осыдан кейін балалардың әрбіреуі түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. «Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.
Балалар жаз бойы жаңаша көңілмен демалып, өзіне күш жігер жинап,  лингвистикалық алаңына қуана қатысып жүр.
 
Кайрбекова К.Д.
Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст