2022 жылғы 24 мамырда 1 жалпы білім беретін мектепте оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Онда мектеп директоры Бекова Л.Г. әріптестерін оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оқу жылының қорытындысы шығарылды. Сонымен қатар, қорытынды аттестаттаудың өткізілуі, білім алушыларды емтихандарға жіберу, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру және оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау туралы таныстырылды. Сынып жетекшілері оқу жылының қорытындысын жариялады. Оқу ісінің меңгерушісі Светлана Ивановна педагогикалық ұжымның осы оқу жылындағы жұмысының нәтижелерін қорытындылады. Сонымен қатар, Жазғы мектептің жұмыс тәртібі туралы хабардар болды. Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М. И. Жакупова Аттестацияның жаңа ережелерімен таныстырды.