«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулығыңды жастық шақтан сақта

04.09.2019
Заманауи қоғамды денсаулыққа деген көзқарас өзгеріп отыр: темекі шегу, спирттік ішімдік ішу, есірткі шегу  сән емес,  спортпен шұғылдану керек. Денсаулық мықты болса, отбасын құруға,   қандай да бір батыл   әлеуметтік жоспарлар мен балаларының тілектерін жүзеге асыруға болатынын көптеген адамдар түсінеді. денсаулық әр адамға кез келген жаста керек. Денсаулықты қалайша сақтауға және нығайтуға болады? Бұл арада бір кеңес — салауатты өмір салтын ұстану керек.
Салауатты өмір салты — денсаулықты нығайтуға, түрлі сырқаттар мен бақытсыздық жағдайлардың алдын алуға бағытатлған өмір сүру салты.
Жеткіншек денсаулығына оң ықпал ететін факторлар: күн тәртібіні сақтау, тиімді тамақтану, шынығу, спортпен шұғылдану, үлкендермен, ата-анамен және достарымен  жақсы қарым-қатынаста болу. Жеткіншек денсаулығына кері  ықпал ететін факторлар:  аз қозғалу (гиподинамия), тиімсіз әрі дұрыс  ретсіз тамақтанбау, темекі шегу,  алкоголь ішімдіктерін ішу, есірткі және басқа да  токсикалық заттарды пайдалану,  үйдегі, мектептегі  жағдайлардың,  достарымен қарым-қатынастың   эмоционалдық және  психикалық ушығуы,  экологиялық   қатер.
«Шынықсаң шымыр боласың!» — бұл сөздердің мағынасы  тереңде жатыр. Әр адамның өз денсаулығына деген саналы көзқарасы  мен  қамқорлығын  қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала дүниеге келген күннен бастаған жөн. 
Просмотров: 743


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст