Текст
2 тамыз күні мектептің «Балапан» ойын алаңында «Менің Қазақстаным» викторинасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу болды. Оқушылар 4 командаға бөлініп, Қазақстан туралы сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдерді толықтырды, жұмбақтарды шешті, сөздерді қазақ, ағылшын тілдеріне аударды. Рыбинская Полина домбырада «Кеңес» күйін орындады. Іс-шара дәмді бауырсақ жайылған дастарханнан дәм татумен аяқталды.
Тәрбиешілер: М.Рыбинская, Е.Адомаитис.