«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедтің ата-аналарға ұсыныстары

23.10.2019
Баланың дұрыс сөйлеуі оның мектепте табысты оқуындағы маңызды шарт болып табылады.  Баланың ауызекі сөйлеу дағдысы қаншалықты дамыған болса,  оқу мен  жазуды  игеру оған соншалықты жеңілге түседі. Баланың сөйлеуі үлкендердің әсерімен дамиды да,  сөздік тәжірибенің жеткілікті болуына байланысты болып келеді. Баланың сөйлеуіне, пайдаланатын лексикасы мен  грамматикалық  тұрғыдан дұрыс құра білуіне  көңіл аудару. 
Баланың сөйлеуі иірімді, нақты, мәнерлі және көркем болу үшін логопедтің келесі ұсыныстарына құлақ түріңіздер: 
- Барлық қызмет барысында, тамақ дайындау, үй жинау, киіну-шешіну,ойнау, серуендеу тс.с.  өз балаңызбенсөйлесіңіз.
- Не істеп жатқаныңыз, нені көріп тұрғаныңыз, өзге адамдардың не істеп жатқаны мен сіздің балаңыздың нені көріп тұрғаны жайында сөйлесіңіз. 
- Сөйлемдерді дұрыс құрап сөйлеңіз.Сіздің сөйлеміңіз баланікінен 1-2 сөз артық болсын.
- Сұрақтар қойыңыз. Бұл баланы жауап беру үшін бірнеше сөз пайдалануға ынталандыратын болады.
- Баланың сөйлеу және  сұраққа жауап беруі мүмкіндігі болу үшін шамалы  кідіріс ұстап тұрыңыз. 
- Балалардың сұрақтарға толық сөйлеммен жуап беруін талап етіңіз, суретте, далада т.б. не болып жатқанын  айтуға үйретіңіз.
- Шағын әңгіме, оқиға айтып беріңіз. Сосын балаға осы оқиғаны немесе басқа бір жайтты  айтып беруге көмектесіңіз. 
- Балаларды  сөйлеу кезінде кеңістік үстеулерін түсіне білуге және дұрыс пайдалануға  баулыңыз, (мысалы,  қарындашты үстелдің үсіне қой, үстелдің үстіне қарындашты ал, қарыдашты арт жағыңа жасырып қой т.б.).
- Баланың дүниетанымын дамытыңыз  (апта күндері, жыл мезгілдері, айлары т.с.с).
- Балаға күнде шағын өлеңдер мен ертегілерді оқып беріңіздер.
- Саусақтарын міндетті түрде жаттықтырыңыз: мүсіндеу, ұсақ детальдары бар конструкторларды құрастыру, бас қатырғыштар құрастыру,  мозаика және  басқа да ұсақ заттардан түрлі суреттер құрастыру,  контур бойынша қайшымен қию, моншақтарды теру, ұсақ дәндерді іріктеу  тәсілдері арқылы. баланың ұсақ  моторикасы дамиды.
Егер балаңыз келешекте мамандық таңдап, тұлға ретінде ашылсын десеңіз, ең алғашқы кезекте балаңызды сауатты,  әрі көркем сөйлеуге баулыңыз.
Дұрыс сөйлеу адамға қай мамандықта болмасын керек. Баланың сауатсыз, мардымсыз  сөйлеуі оның айналасындағылармен қарым-қатынасын қиындатады, оның  жалпы дамуына ықпал етеді, сонымен қатар, келешекте мектепте нашар оқуына  да  себеп болуы әбден мүмкін. 
 
 
 
Логопед - Ерденова А.Г.
 
Просмотров: 604


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст