«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Топтық жұмыс арқылы дидактикалық ойындармен оқушылардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру»

04.11.2019

Топта жұмыс жасау дегеніміз- бұл оқушылардың ортақ мақсатпен жұмыс жасауы.  Топ үшін мақсат пен міндет қажет. Бұл әдісте оқушылар ұжым болып жұмыс жасауға үйренеді.
Топпен жұмыс істеудің маңыздылығы:
-топ жеке адамның пікірімен санаса білуді үйренеді;
-әр оқушы өз тобының беделін, намысын қорғауға тырысады;
-бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас орнайды, өзгенің пікірімен санаса білу, 
ойларын айта білу дағдысы қалыптасады.
-оқушы бойында қиял, шығармашылық дамиды;
-бойларындағы ұяңдық, жасқаншақтық сияқты психологиялық мінез 
кеселдерінен арылады;
-сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
Тәрбиелеудің және оқытудың басты түрі  ойын болып табылады, яғни бұл баланың шынайы қалпы. Мысалы: қабылдауды дамытуға арналған ойындар:  «Өзін ақтару», «Сиқырлы бояу езетін тақтайша». Елестетуді дамыту үшін: «Болады-болмайды», «Сиқырлы орман», «Жазу (сурет салу)?», зейінді дамыту үшін – «Үздіксіз іздеу», «Түйме». Оқу-дидактикалық ойынға бірінші талап:балалармен өткізілген, олар танымдық қызығушылығын дамыту үшін қолданылған іс-әрекеттер. Осы көзқараспен балаға ойынның  аса пайдалы, келесі талаптармен жауап қайтарады:
- баладағы қызығушылықтың өз бетімен қабілетінің артуы;
- өзінің қабілетін көрсету үшін балаға мүмкіндік беру;
- жарыстарға баланы еліктіру;
- дағды мен икемін қалыптастыру және өздігінен білімді іздестіруге жағдай жасау;
- ойын арқылы жаңа білім қайнар көзі мен икем және дағдыны бала үшін қол жетерлік болуы;
- жетістік үшін еңбегі сіңген мақтау қағазын алу, онда сен қанша рет ойынды жеңгені туралы емес, онда қанша дағды, икем және жаңа білім алғаны туралы деманстрация.
        Қорытындылай келе, оқушылар топтық жұмыста дамыту ойыны барысында есте сақтау қабілетін арттыра отырып, оның ойлау қабілеті жұмыс істей бастайды. Күнделікті талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, көргеніне жауап беру және қорытынды жасау, сондай-ақ сөйлеу қабілеті қалыптасып, сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бакиянова К.К 

Просмотров: 1124

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст