«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес

02.11.2022

Заманауи мектеп үшін сапалы білім – басымдылық болып табылады. Мектепте оқытудың барлық кезеңдерінде ең бастысы – оқушылардың білім сапасы. 2022 жылдың 1 қарашасында №1 жалпы білім беретін мектепте «Білім сапасын арттыру бойынша педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында жоспарлы педагогикалық кеңес өтті. Жиналыс жұмысын мектеп директоры Л.Г Бекова ашып, 1-ші оқу тоқсанындағы жұмыс  қорытындысына тоқталды. Педагогикалық кеңес  жұмысы күн тәртібіне сәйкес өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ракитина С.И. жиналғандарды 1ші  тоқсанның қорытындысымен таныстырды.  Мектептің педагог-психологы Дауренбекова Г.Е. «Мектеп үлгерімінің психологиялық себептері және оларды жою жолдары» тақырыбында сөз алып, үлгермеушіліктердің себептерін, оларды жою жолдары туралы атап өтті. Мектеп әдістемелік  бірлестіктерінің жетекшілері білімдегі олқылықтарды диагностикалауды талдап, оқушылардың білім, білік, дағдыларындағы олқылықтардың анықталғанын атап өтті. Директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарлары Позднякова Т.В. 1,5 сынып оқушыларын бейімдеу туралы ,  Ракитина С.И. оқушылардың сабаққа қатысуы  диагностикасы ,  1-ші тоқсанда қатысқан сабақтардың  қорытындысы бойынша   алдағы уақытта да жалғасын табатын бұл жұмыстың бағыт-бағдары жайында айтты.   Кәсіподақ комитетінің төрайымы Жакупова М.И. «Педагогикалық әдепті сақтау туралы. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа ережелері». Дректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Г.Наймушин  үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұлғаның концептуалды негіздеріне  тоқталды. Сонымен қатар, пед кеңес отырысында әр түрлі мәселелер қаралды.  Оқушылардың білім сапасын арттыру – мектеп, педагогикалық ұжым жұмысының басты міндеттерінің бірі екені ерекше аталды.

 

Просмотров: 325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст