«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік – еліміздің барша азаматтары үшін ең қасиетті құндылық

15.12.2022

Тәуелсіздікке қол жеткізу – мемлекет пен ұлт тарихының шын мәнінде ерекше парағы, қазақ халқының сан ғасырлық арманы. Жыл сайын 16 желтоқсанда қазақстандықтар бүкіл еліміз үшін айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Бұл күн жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалады, еліміздің тарихындағы ең маңызды дата болды.

15 желтоқсан күні  «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін  мектебі» КММ-де Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты  жиын өтті.  Оқушылар мен әріптестерді  мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна құттықтады. Ол кең байтақ еліміздің әрбір тұрғынына шуақты аспан астында өмір сүруді, өз елін шын жүректен сүюді және туған Қазақстанның игілігі үшін бар күш-жігерін салуды тіледі! Үздік оқушылар мектеп өміріне белсене қатысқаны, адалдығы мен қажырлы еңбегі үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Өскелең ұрпаққа лайықты тәрбие беріп, таланты мен шығармашылығын шыңдаған мектеп ұстаздары да атап өтіліп, алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш сынып оқушылары Отан туралы тақпақтар айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Тәуелсіздік – бостандық, күш-қуат, өркендеу, руханият. Барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Елімізде тыныштық пен құт-береке, әрбір отбасына денсаулық пен бақ-береке болсын!

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст