«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1жалпы білім беретін мектебі»КММде салауатты өмір салтын насихаттау,қысқы спорт түрлерін танымал ету мақсатында мұзайдында сырғанау сәті ұйымдастырылды. Конькимен сырғанау баланың бұлшық еттерін
шынықтыру, қимыл-қозғалыс аппаратын дамыту мүмкіндігін береді.. Сырғанау -балалардың суық тиіп сырқаттануының алдын алады. Сабақтан тыс уақытта сырғанаққа, мұзайдынға бару балалардың қызығушылығын тудырды. Олардың біреуі алғаш рет конькиге тұрса,енді біреулері осы спорт түрінде өзінше біршама
шебер. Балалар керемет дем алып,сырғанақ теуіп бойларын сергітіп,жандары жадырап керемет көңілге бөленеді. Корт өз жұмысын жалғастыруда. Келіңіздер,қуана қарсы аламыз! Дене тәрбиесі мұғалімі Шпиц-Берг М.Ф.