Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі»КММде құқық бұзуға әкеп соқтыратын, жағдайлардың, оған ықпал етуші себеп-салдардың алдын алу, оған жол бермеу шараларын қабылдау жайлы әңгіме өткізілді. Әңгімені ҚЮП
инспекторы Бауржан Ундубаев директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Г. Наймушинмен бірлесе отырып өткізді. Жиналғандарға мектепте кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыскерлік саласындағы тәртіптерін қадағалау жұмыстары күшейтілгені жайлы айтылды.