Текст
26,23 сәуір күндері No1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қазақстан халықтарының бірлігі күніне» арналған «Бірлік тағылымы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Балалар мерекенің тарихымен танысты, бейнефильмдер тамашалады, бейбітшілік пен достық туралы әндер шырқады. Сынып сағатының мақсаты: балалардың бойында патриоттық, толеранттылық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру; өзінің және басқа халықтардың тарихын құрметтеу, бір-бірін құрметтеу сезімін тәрбиелеу.