«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика сабағындағы өзіндік жұмыстар дамыта оқытудың бір түрі ретінде

27.01.2020
Айналамыздағы әлемнің  сан қырлылығы мен алуан түрлілігі соншалықты, күні бүгінге дейін  оны жете зерттеу мүмкін емес,  сондықтан да мектепті, колледжді, тіпті ЖОО бітіргеннен кейін де білім алуы   аяқталды деп есептеуге  ешкімнің  құқығы жоқ.  Дәлірек айтсақ, білім алу осыдан кейін басталады. “Жадыңда сақтау арқылы емес, өз күшіңмен алған білімді ғана нағыз білім деп есептеуге болады» деген екен  Л.Н.Толстой.  оның бұл тұжырымымен келіспеуге болмайды, өйткені оқушылар білімді тек өз күштерімен  алғанда ғана  дұрыс иегере алады. Оқушылардың оқыту кезіндегі өзіндік дербестігін дамыту проблемасы жаңалық емес. Бұл мәселеге барлық замандағы ғалымдар назар аударған.
Дегенмен, өз оқушыларыңды оқуға, өзіндік ойлауға және естігенді сөзбе-сөз ұғынуға, оның әуенін  сезініп, құпия ойларын білуге қалайша үйретуге болады?
Бұл жерде бір жол бар: жауабын балалардың өздеріне, қиын болса да, өмір бойы іздестірсе де, салиқалы ұғынықты  түрде іздестіру мүмкіндігін беру. Демек, оларды ойлауға баулу.
Өзіндік жұмыстар шығармашылық қызметті қалыптастыруға жетелейтін ойлау қызметінің бір түрі болып табылады. Жұмыс барысында оқушының ойлау белсенділігін сақтау үшін оның сабақта, үйде не істейтіні, қызығушылығының қаншалықты  сақталуын білу керек.
Сондықтан алдыма келесі мақсаттарды қойдым:
1. Ойлау  операцияларын қалыптастыру және  одан әрі дамыту: сараптау,салыстыру, жалпылау;
2. Шығармашылық ойлауды дамыту және  тренинг;
3. Оқушылардың танымдық қызметке  қызығушылықтарын, белсенділіктерін, мақсатқа  қол жеткізудегі табандылықтарын  ынталандыру;
4. Пән бойынша оқушылардың үлгерімдерін жиі бақылау.
Өз сабақтарымды сараптай келіп, өзіндік жұмыс келесідей болу керек деген ойға келдім: 
• сабақтың  12 ден  88%-ын  алуы тиіс. Сондықтан үдерісті басқару үшін келесі нақты міндеттер көзделді:
• сабақтарда өзіндік жұмыс жасау элементтерін енгізумен оқыту әдістемелерін түрлендіру;
• оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау түрлері мен  әдістемесін жетілдіру;
• оқушыларға жеке тұрғыдан келу әдісін іске асыру.
Оқу еңбегін дұрыс ұйымдастыру  – табысты өзіндік білім алудың басты факиторы екеніне сенімдімін, ендеше, оқушылардың дербестігін  дамыту  да маңызды. 
Оқытудың әдісі мен тәсілдерін жетілдіру оқушылардың  өзіндік жұмыс жасауын дамыту мәселесімен байланысты. Сондықтан да, сабақтарда  алуан түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. Сабақ барысында  барлық оқушыларды назарда ұстап, бағыттаймын. Бұндай тәсіл  нашар оқушыны жұмысқа жетелесе, мықты оқушыны ынталандыра түседі.
Ол үшін келесі тәсілдерді таңдап алдым:
• ауызша;
• сөйлеу-графикалық
• көрнекілік;
• тәжірибелік.
Бұлардың әр қайсысы кешенді сұрау, ауызша бақылау жұмыстары,  графиктер, диаграммалар құру, тегістік пен кеңістікте фигуралар сызу, алгоритм бойынша  модельдермен жұмыс,  тәжірибелік және зертханалық жұмыстар, жобамен, ертегілермен, рефераттармен   жұмыс тәрізді тәсілдер жүйесінде іске асырылады. 
Оқытудың дифференцировтік құралдарын : кестелерді, сызбаларды, оқулықты, фигуралар мен тегістік модельдерін, жобаларды, жұмыс сипаттамаларын, чертеждік және өлшеуіш  приборларды, ауызша және жазбаша жұмыстарға арналған  карточкаларды, қосымша және ақпараттық әдебиеттерді қолданамын. 
Жұмыстың алуан түрлері  бұрынғы өткен материал мен жаңа материал арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Оқушының өзіндік жұмыс кезінде алған дағдылары, есептерді шығару, сыныпта, үйде оқулықпан жұмыс жасау барысында пайдаланылады.  Оқушының ойлау қызметінің  мәдениеті барынша артады, ол теориялық білімді барынша  табысты игереді, оны өзіндік тәжірибесінде  барынша ұтымды пайдаланады. Түсінуден бастап білімді игеруге дейінгі  жолдан әр оқушы өтуі тиіс.  Әдетте, сабақтың бір сарынды болуы оқушының жұмысқа  қызығушылығын төмендетеді. Математикада көбінесе өткенді қайталауға берілген бір тектес есептер кездеседі. Бірақ оларсыз баланың тұрақты дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес. Өзіндік жұмыстардың сан алуан болуы оқушылардың  бұндай тақырыптарға қызығушылығын ұстап тұру үшін қажет. Оқу жұмысының тиімділігі баланың білімі мен білігінің қаншалықты ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан,  өз тәжірибемде оның әдістеріне, тәсілдеріне, түрлері мен нысандарына  ерекше назар аударамын.
Оқыту үдерісі  – әрқашан  шығармашылық үдеріс болу керек.
Тәжірибеме сүйене отырып келесі қорытынды жасай аламын:
1. математиканы оқыту үдерісін жетілдіру - оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың бір жолы болып табылады;
2. өзіндік жұмыстарды  жиі өткізу және  олардың  оқыту үдерісіндегі оқу-танымдық рөлін  арттыру мектеп оқушыларының математикалық дайындығының сапасын арттыруға зор ықпал етеді подготовки школьников;
3. тәжірибелік қызметпен байланысты  теориялық сұрақтарды үйрену, өзіндік жұмыстар оқушыларға білімдеріндегі олқылықтарды жоюға, білімдерін кеңейту, алған білімдерін есептер шығару кезінде шығармашылықпен қолдану мүмкіндігін береді;
4. осындай жұмыстардың  орындалуын бақылау білімді тақырыптық есепке алу жұмысын ұйымдастыруға, қызметті жұмылдыруға, мектеп оқушыларының ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Сөйтіп, дербестік, –адамның  саналы қызметі мен оны іске асырудағы сенімділікті мығым таңдауымен  сипатталады.Ол біздің әрқайсымызға  тән қасиет. 
Адамның өімрі–таным жолы бойынша қозғалыс. Егер   бұрын байқамағанды, түсінбегенді немесе мүлде  мән бермегенді байқау, жаңалықтарды көру  арқасында  әр қадамымыз бізді рухани байытып жатса- нұр үстіне нұр.  
Математика сабақтары  қоршаған ортаны барынша дұрыс  қабылдауға, шындыққа кол жеткізуге, ой-сананы бекітуге, өмірдегі өз орнын таба білуге,   мінез-құлық  стилін таңдауға баулиды.
Адам өзіне беймәлім, көрмеген-білмеген және түсініксіз  заттармен кездескенде адам не істейді? Біреуі оны айналып өтеді, енді біреуі алыстан бақылайды, ал енді бірі болса оны тереңірек үңіліп, танып, білгісі келеді. Сол себептен де, соңына дейін бару үшін, тылсымды тану үшін,  ерлік пен дербестік адамға қажет. Менің оқушыларым соңына дейін барып жатса, демек менің еңбегімнің нәтижесі. 
 
 Кадырбекова Г.Х.
 
 
 
 
Просмотров: 514


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст