21 февраля 2018 жылдың 21 ақпаны күні 9 "А", 10, 11 сыныптарының оқушылары сынып жетекшілері Кравченко О.В., Токтарова Г.К., Алифёркина Е.Б. бірге кәсіптік бағдар жұмысымен Атбасар қ. өрт бөліміне барды.
Өз іст ерінің мамандары өрт сөндірушілер мамандықтарының маңыздылығы, жұмыстарының келешегі, түрлі жағдайалрмен туындаған өрт кезінде адамдарды құтқарумен айналысатын қазақстандық өртпен күрес қызметкерлерінің азаматтығы мен ерліктері туралы айтып берді.
Аудан бойынша өткен кезеңдегі мәліметтермен таныстырып, өрттің алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау және өртті болдырмау жағдайларына тоқталды.
Саяхатқа қатысушылар үшін өрт сөндірушілердің арнайы киімдері, қару-жабдықтары эпикировкасы көрсетілді. Арнаулы ангардан өрт сөндіру машинасы шығарылды, әр оқушы өрт сөндіруге қажетті заманауи құрылғылар мен биіктікке шығатын баспалдақты өз көздерімен көрді. Өрт сөндірушілер командасы апат кезінде адамдарды құтқару үшін машиналардың есігін кесуге арналған аспаппен таныстырып, өрт сөндіру құралдарының жұмысын көрсетті. Оқушылар түрлі түсіндірмелерді қызыға тыңдап, сұрақтар қойды, талқылауға қатысты. Саяхат балалардың бәріне ұнады, келешекте адамдарды құтқарумен байланысты қасиетті де, құрметті өрт сөндіруші мамандығын таңдауға ниет білдірген оқушылар болды.