20 - 30 қараша аралығында біздің мектепте бастауыш сыныптар онкүндігі табысты өткізілді. Ол оқушылардың сабақтағы және сабақтын тыс қызметтерін ұйымдастырудағы заманауи тұрғыларға арналды. Онкүндік барысында оқушылар көптеген қызықты ақпараттар алу мүмкіндігін иеленіп, дәстүрден тыс тапсырмаларды орындау кезінде бағдарламалық материалды білудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Онкүндік білім мен біліктің тамаша тартымды мерекесіне ұласып, 10 күнге созылды. Оған оқушылар да, мұғалімдер де белсенді қатысты. Әр шараның соңында үздік оқушылар, үздік шаралар мен жұмыстар анықталды. 30 қараша күні бастауыш сыныптар онкүндігінің жабылуы бойынша салтанатты жиын өткізілді. Ең білгірлер, ең белсенділер грамоталармен марапатталды. Онкүндікті өткізу бағдарламасы оқушылардың ой қызметін арттыруды көздеп құрылған сан алуан бағыттағы сабақтардан, сыныптан тыс шаралардан, конкурстардан, викториналардан құралды. Бастауыш сыныптардың онкүндігі оқушылардың әлеуетін ашуға ықпал етті. Мұғалімдердің бәрі жақсы ұйымдастырушылық қабілет көрсетіп, оқушылар шараларға қызыға қатысты, мерекелік атмосфера орнады. Оқушылар пәндер бойынша жақсы білім көрсетті, білім-біліктерін түрі жағдайларда пайдалана алатынын, кез келген сәтте өзара көмекке келетінін, қандай да қисынсыз мәселенің оң шешімін таба білетінін көрсетті.